Елбасы екі медициналық орталықтың құрылысына қаражат бөлуді тапсырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елбасы екі медициналық орталықтың құрылысына қаражат бөлуді тапсырды

14.07.2020

Нұр-Сұлтан мен Алматыда екі медициналық орталық салынады. Құрылысқа қажет қаражат «Самұрық-Қазынаның» ішкі резервінен бөлінеді. Нұрсұлтан Назарбаев ұлттық әл-ауқат қорының басқарма төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдап, осындай тапсырма берді. Қордың коронавирусқа қарсы күреске барынша атсалысуы қажеттігін айтты. Жалпы, компаниялар тобы қиын жағдайға қарамастан қызметкерлердің қысқаруына жол берген жоқ, барлық кәсіпорын жұмысын жалғастыруда. Кездесу соңында Елбасы қазақстандықтарды қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырды. 

Әсима Нұрбайқызы

Хабарламаларға жазылу