«Жаныңда жүр жақсы адам» жалғасын тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Жаныңда жүр жақсы адам» жалғасын тапты

22.09.2014
«Жаныңда жүр жақсы адам» жалғасын тапты

Бұл жоба – еліміздің түкпір-түкпірінде халық арасында ерлік көрсетіп, батырлығы, өжеттігімен көзге түскен жандар туралы деректі фильмдер топтамасының жалғасы.

«Жаныңда жүр жақсы адам» көпсериялы деректі фильмдер топтамасы қазақ халқының болашаққа деген сенімі, кез келген қиын жағдайда тығырықтан шығуы, жақсылыққа жаршы бола білуі  турасында сыр шертеді.

Мақсат – өмірден алынған оқиғаларды бір тележобаға арқау етіп, отансүйгіштік пен адамгершілікті жаңа қырынан насихаттау. Сюжеттің прототиптері - өмірде бар адамдар.

«Жаныңды жүр жақсы адам» - бүгінгі күн қаһармандарының әрбір ерлікке татитын қадамдарын барлық қазақстандық пен ертеңгі күнге, келер ұрпаққа таптырмас аманат етіп қалдыру жолындағы бірегей тележоба.

23 қазаннан бастап сейсенбі-бейсенбі күндері сағат 14.00-де «Қазақстан» Ұлттық телеарнасынан «Жаныңда жүр жақсы адам» деректі фильмдер топтамасының жалғасын көріңіз.

Фото: Марат Шарипов

Хабарламаларға жазылу