Театрларға өз аумағын жалға беру ұсынылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Театрларға өз аумағын жалға беру ұсынылды

22.09.2014
Театрларға өз аумағын жалға беру ұсынылды

Еліміздегі театрлар өз аумағына еркін иелік ету керек. Бұл туралы Үкімет сағатында Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мәлімдеді, деп хабарлайды kapital.kz.

«Барлық мәдени мекеме өз аумағын тиімді пайдалануы тиіс. Шағын тамақтану орны мен кәдесыйлар сататын дүкендер жақсы табыс әкеледі. Қазір қала орталығында орналасқан мәдени орындарда коммерциялық бағытта сауда орындарын ашуда қатаң шектеу қойылған. Сондықтан, мекеме басшыларының бұл бағытты дамытуға құлқы жоқ. Алайда, комитет пен мәдени мекемлердің басшылары бірдей пайда табатын бір бітімге келсек, жақсы болар еді. Осылайша, театр аумағын жалға беруге болады», - дейді министр.

Айта кетейік, қазір мәдени орындарда ашылған сауда орындарының табысы республика бюджетіне аударылады.

Хабарламаларға жазылу