Арыстанбек Мұхамедиұлы: Театрлардың 70 пайызында директордың қойылымдары сахналанады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Арыстанбек Мұхамедиұлы: Театрлардың 70 пайызында директордың қойылымдары сахналанады

22.09.2014
Арыстанбек Мұхамедиұлы: Театрлардың 70 пайызында директордың қойылымдары сахналанады

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісіндегі Үкімет сағатында ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы елдегі кейбір театр басшылары өз пьесасын сатып алатынын айтты.  «Содан кейін ақша табу үшін өзі режиссер болады. Басты рөлде сүйікті жары және өзі де ойнайды», -дейді министр. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

«Қазіргі уақытта бізде 9 өңірлік театрда бас режиссер жетіспейді. Сонымен қатар, бас режиссердің лауазымын кәсіби білімі жоқ адамдар атқарғаны туралы да деректер бар».

Осы орайда Мәдениет және спорт министрлігі 2 нақты жүйе ұсынып отыр. «Әр театрда классикалық тұрғыдан директор болуы керек. Екіншіден, көркемдік жетекші болуы тиіс. Мұндай саясат бүкіл дүниежүзінде бар», - деді министр.

Министрдің атап өтуінше, театрлардың басым бөлігінде, яғни 70 пайызында директордың қойылымдары сахналанады. Ал мұндай олқылықтарға жол бермеу қажет.

«Директор болған соң өз пьесасын сатып алады. Содан кейін ақша табу үшін өзі режиссер болады. Басты рөлде сүйікті жары және өзі де ойнайды», - деді А.Мұхамедиұлы.     

Хабарламаларға жазылу