
Ақтауда қала күніне арналған «Шеберлер мерекесі» жәрмеңкесі өтті. «Жерұйық» қонақүйі алаңында өткен шараға жас қолөнер шеберлері қатысты.
Жәрмеңкені ұйымдастырушы - «Кеме» өнер галереясы.
«Бұл – біздің алғашқы пилоттық жобамыз. Алдағы уақытта мұндай шаралар жиі ұйымдастырылатын болады. Жәрмеңкелер аясында фейс-арт, шеберлік сағаттарын өткізу жоспарланған», дейді мекеме жетекшісі Наталья Романова.
Фото: lada.kz
