«Astana BePink» велокомандасы Әлем чемпионатында үшінші орынды иеленді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Astana BePink» велокомандасы Әлем чемпионатында үшінші орынды иеленді

21.09.2014
«Astana BePink» велокомандасы Әлем чемпионатында үшінші орынды иеленді

Испанияның Понферрада қаласында велоспорттан Әлем чемпионаты басталды. Жарыстың алғашқы күні әйелдер (36,1 шақырым) мен ерлер (57,1 шақырым) командалық жарыста сынға түсті.

Әйелдер арасындағы командалық жарыста «Astana BePink» командасы үшінші орынды иеленді. Олар жеңімпаздан 2 минут 19 секунд қалып қойды.

Ал жеңімпаз атанған америкалық «Specialized-Lululemon» командасы бұл қашықтықты 43 минут 33 секундта өтіп шықты. Олар екінші орынға ие болған австралиялық «Orica-AIS» командасынан 1 минут 17 секунд алда келді.

«Specialized-Lululemon» командасы жарыс жолына соңғы шығып, барлық уақыт көрсеткішінде бірінші нәтижені көрсетті. Ал «Astana BePink» велошабандоздары алғашқы кезеңде алтыншы нәтижені көрсеткенімен, айналымның екінші жартысында қарқындарын үдете түсіп, жүлделі орынға ілікті.

«Біз жарыстың фавориті саналмадық, дегенмен біртұтас команда ретінде жарыс жолын сәтті жүріп өттік. Мәреге бәріміз бірге жетіп, жүлдеге те болдық. Ұжымдық сайыста жақсы нәтиже көрсеткенімізді мақтан тұтамын», - деді  «Astana BePink» велошабандозы Элистон Тетрик.

 

 

Хабарламаларға жазылу