«Дариға-ай» театрында «Махаббат аралы» қойылымының тұсаукесері өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Дариға-ай» театрында «Махаббат аралы» қойылымының тұсаукесері өтеді

20.09.2014
«Дариға-ай» театрында «Махаббат аралы» қойылымының тұсаукесері өтеді

Шығыс Қазақстан облыстық «Дариға-ай» жастар театры жаңа 15-ші театр маусымын жергілікті драматург Ә.Тауасаровтың «Махаббат аралы» атты психологиялық драмасының премьерасымен ашпақ.

Спектакльдің қоюшы режиссері - биыл ғана «Болашақ» бағдарламасымен Мәскеудегі ГИТИС-ті бітіріп келген жас маман, магистрант – Жұлдызбек Жұманбай.

Қойылымның негізгі мақсаты – қоғамдағы болып жатқан сан-алуан мәселелердің, соның ішіндегі адам мен табиғат арасындағы, адамдардың табиғатқа деген көзқарастарының сұйылып бара жатқандығы, қазіргі қоғамның ең өзекті мәселелерінің бірі болып тұрғанын осы шығарма арқылы көрсету, ой тастау.

Бұл пьесада орманның ішіндегі бір сәттік оқиға - қоғамдағы белең алып тұрған жемқорлық пен парақорлық, осыған қарама-қарсы қарапайым орманшының өзінің ісіне деген адалдығы, табиғатқа жанашырлығы көрсетіледі.

Тағы бір үлкен мақсат - спектакль арқылы актердің сахнадағы шынайы бейнесін көрсету. Бүкіл спектакль бойында үш актердің ғана ойыны арқылы шын шеберлікті көрсетіп, жасандылыққа, жүйесіз сөйлей салу, формализмге нүкте қою.

Хабарламаларға жазылу