Павлодар облысының мектептерінде «Аймауытов оқуларын» дәстүрлі түрде өткізу ұсынылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодар облысының мектептерінде «Аймауытов оқуларын» дәстүрлі түрде өткізу ұсынылды

20.09.2014
Павлодар облысының мектептерінде «Аймауытов оқуларын» дәстүрлі түрде өткізу ұсынылды

Павлодар облысындағы орта білім беру мектептерінде «Аймауытов оқулары» өткізілуі мүмкін. Бұл ұсынысты аймақ басшысы Қанат Бозымбаев Жүсіпбек Аймауытовтың 125 жылдығына арналған «Аймауытов оқулары» атты ғылыми-тәжірибелік конференция барысында жеткізді, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

«Қазақ тарихында асыл ойдың қазынасы болған ғұлама ғалымдар, батыр-шешендер мен билер, ұлтымыздың көш бастаушысы болған зиялы қауым - қоғамымыздың зор байлығы. Бүгінгі заман тілімен айтсақ, рухани капитал болып табылады. Ел азаматтарын тану ел тарихын білуде, ұлттық мәртебемізді ұлықтауда және тәуелсіз еліміздің қадір-қасиетін бағалауда азаматтық үлес қосуға күш-қуат береді. Сол себепті Павлодар облысындағы әр мектепте «Аймауытов оқуларын» өткізуді дәстүрге айналдыруды ұсынамын. Бұл істен аймақтың жоғары оқу орындары да қалыс қалмайды деген ойдамын», - деді Қ. Бозымбаев.

Хабарламаларға жазылу