«Сәулетті Ақтауым» көрмесі ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Сәулетті Ақтауым» көрмесі ашылды

19.09.2014
«Сәулетті Ақтауым» көрмесі ашылды

Ақтаудағы «Өнер» арт-галереясында қалалық Жастар саясаты орталығынаң қолдауымен «Сәулетті Ақтауым» атты жас суретшілер көрмесі ашылды. Көрмеге 30 суретшінің туындысы қойылған. Мақсат – қаланың көркемдігін көрсету, деп хабарлайды lada.kz.

«Бұл көрмеге көптен бері дайындалдық. Бізге еліміздің батыс өңірінен да суретшілер келіп қосылды. Көрмеге қатысушылардың саны күннен-күнге артып келеді. Бұл - қалада талантты суретшілердің көп екенін көрсетеді», - дейді ұйымдастырушылардың бірі Аймұрат Таңатов.

Сондай-ақ, көрменің ашылу салтанатына қала әкімі Еділ Жаңбыршин қатыстып, жас суретшілерге әлі де қолдау көрсететінін мәлімдеді.

Айта кетейік, көрме қала күніне орай ұйымдастырылып отыр. Қала қонақтары мен тұрғындар сағат 10:00 - 20:00 аралығында көрме жұмысын тамашалай алады.

 

Фото: lada.kz

Хабарламаларға жазылу