Шымкентте әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығы ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығы ашылды

19.09.2014
Шымкентте әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығы ашылды

Шымкентте облыстық әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығы ашылды. Мекеменің басшысы болып ақын Ақмарал Леубава тағайындалған деп хабарлайды otyrar.kz сайты.

Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығындағы кеңес залында салт-жоралғылар таныстырылады. Сондай-ақ, мұнда салт-дәстүрге арналған екі көрме залы бар. Ал қалған бөлмелер зерттеу сыныптары.

Сонымен қатар, орталықта 20 мәдени-ұлттық орталықтың ғұрпынан сыр шертер жәдігерлермен де жасақталып, ғылыми-зерттеу институты жұмыс істейтін болады.

Сурет otyrar.kz сайтынан алынды

Хабарламаларға жазылу