Мемлекеттік тілді қастерлеу - отанды сүю - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекеттік тілді қастерлеу - отанды сүю

13.09.2014
Мемлекеттік тілді қастерлеу - отанды сүю

Оралдық Наталья Запраметова мемлекеттік тілдің мерейін асырып, мәртебесін көтеруге үлес қосып келеді. Әсіресе, педагог балалардың бойына қазақы құндылықтарды сіңіріп, саналы азамат етіп тәрбилеуге тырысады.

28 жыл өмірін бала тәрбиесіне арнаған Наталья Запраметова, ұстаздық етуден жалыққан емес. Қазір ол, Орал политехникалық колледжі директорының орынбасары.

Қағазбастылық қызметінің қауырттығына қарамастан аптасына бір мәрте жеткіншектермен жүздесіп, ұлттық салт-дәстүр мен әдет-ғұрып тақырыбында әңгіме қозғайды. Тілді жетік білудің маңыздылығына тоқталады.

 

Рауан ДИӘЛИ

Хабарламаларға жазылу