Бүгінгі қоғамда жанымызға батар түрлі оқиға орын алуда. Сол қасіреттердің бірі – Қазақстанның барлық қаласында жұмыс істеп тұрған қарттар үйі. Қариялардың тас бауыр тағдыр, безбүйрек бала кесірінен, жаттың жанында жылы қабақсыз, жақынның мейірімінсіз жатқаны өкінішті, әрине.
Қартын сыйлап, анасын ардақтаған ел азбайды. Ұйықтап жатқан мейірім мен адамгершілікті оятатын бұл үйлерден үрікпейтін болғанымыз кімді қынжылпасын. Тастанды қариялардың көбеюіне кім кінәлі?
«Алты бала-шағам бар. Үш қыз, үш ұл. Олардың саны болғанымен, аты жоқ», - дейді Алматы облысындағы қарттар үйінің тәрбиеленушісі Берқожа Камалданов.
Өз балаңа керек болмай қалу – қандай қасірет. Қарттар үйіндегі қамкөңіл қариялардың тағдыры туралы білгіңіз келсе, Қазақ радиосының әуе толқынынан өткен «Қарттарым, аман-саумысың?» хабарын тыңдаңыз.