Алматыда «Ана тілім - ардағым» атты фестиваль өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда «Ана тілім - ардағым» атты фестиваль өтеді

18.09.2014
Алматыда «Ана тілім - ардағым» атты фестиваль өтеді

22 қыркүйек - Қазақстан халқының тілдері күні мерекесіне орай, Алматы қаласының әкімдігі «Ана тілім - ардағым» атты фестиваль өткізеді.

Фестиваль  мақсаты -  қаладағы барлық қоғамдық ұйымдардың, түрлі әлеуметтік топтардың күшін мемлекеттік тіл саясатын тиімді жүргізуге, ынтымақтастықты, рухани тұтастықты, қазақстандық патриотизмді нығайтуға, ұлтаралық  келісімді қамтамасыз етуге   жұмылдыру. 

Фестиваль барысында шаһар басшысы Ахметжан Есімов  мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру бағытында атқарылған жұмыстарға қорытынды жасап, қалалық байқаулардың жеңімпаздарын марапаттайды.

Сонымен қатар, шара аясында Қазақстан эстрада жұлдыздарының қатысуымен концерттік бағдарлама ұйымдастырылмақ.

Хабарламаларға жазылу