Отшашуды тамашалау ақылы болмақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Отшашуды тамашалау ақылы болмақ

18.09.2014
Отшашуды тамашалау ақылы болмақ

«Лондон мэриясы биылғы жылдан бастап жаңажылдық отшашуларды қызықтағысы келетіндер үшін оны ақылы етпек», деп хабарлайды РИА Новости.

«Өткен жылғы жаңажылдық отшашуды тамашалауға адамдардың өте көп жиналғандығы соншалық, бұл көлік инфрақұрылымы мен қауіпсіздікті қамтамасыз ету құрылымдарына аса үлкен салмақ түсірді. Апаттан құтқару қызметтері мен Transport for London көлік кәсіпорындарымен кеңескен соң біз бұл шараны осылайша ұйымдастыруды жөн көрдік», - деп хабарлады мэрия өкілі.

Енді әйгілі отшашуларды тамашалағысы келетіндердің саны 100 мың адамға дейін шектелмек. Салыстыру үшін айта кетелік, өткен жылы салютті тамашалау үшін Темза өзенінің жағасына жарты миллионға жуық көрермен жиналған болатын.

Фейерверк билеттері 10 фунт стерлингтен сатылмақ. Оның сатылымы 26 қыркүйекте басталады. Бір адамның қолына төрт билеттен артық билет сатылмайды.

«Лондондағы жаңажылдық отшашулар әлемге әйгілі, сондықтан біз оның қауіпсіз әрі таңғажайып болып қала бергенін қалаймыз», - деді Лондон қаласының басшысы Борис Джонсон.

 ҚазАқпарат

Хабарламаларға жазылу