«Қазақстан халқы тілдерінің мерекесі» тақырыбында радиоконференция өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақстан халқы тілдерінің мерекесі» тақырыбында радиоконференция өтеді

18.09.2014
«Қазақстан халқы тілдерінің мерекесі» тақырыбында радиоконференция өтеді

19 қыркүйекте сағат 18:05-те Қазақ радиосының әуе толқынынан «Қазақстан халқы тілдерінің мерекесі» тақырыбында радиоконференция өтеді.

Радиоконференцияға жазушы, аудармашы Кеңес Сәлімханұлы Юсуп, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, Тілдерді дамыту және қоғамдық саяси жұмыс комитетінің төраға орынбасарының міндетін атқарушысы Серік Жақсылықұлы, Лев Гумилев атындағы ЕҰУ-дің доценті, филология ғылымдарының кандидаты Бекжан Әбдуәлиұлы және Астана қаласы Тілдерді дамыту басқармасы, талдау және мониторинг бөлімінің бас маманы Ержан Серікболұлы қатысады.

Осы тақырыпта қояр сауалдарыңыз, айтар ойларыңыз болса 8 (7172)55 33 55 байланыс телефонына хабарласуларыңызға мүмкіндік бар.

Айта кетейік, «Айтөбел» хабары аясында өтетін радиоконференцияны Еділ Анықбай және Эльмира Сабырқызы жүргізеді. Қапы қалмаңыз!

Хабарламаларға жазылу