Елорда әкімдігінің бастамасымен жыл сайын ауылшаруашылық жәрмеңкелері өткізіледі.
Биыл отандық тауар өндірушілер өнімдерін 20 қыркүйектен 2 қарашаға дейін демалыс күндері Астана әкімдігінің алдындағы алаңда сатады.
ІІД Әкімшілік полиция басқармасының мәліметінше, ауылшаруашылық жәрмеңкелері кезеңінде құқық қорғаушылар фермерлердің өнімдер автокеруенін іс-шара өткізу орнына алып барады. Жол-патрульдік полиция экипаждары аумақтық ІІО полицейлерімен автокеруенді «Рубеж» бекетінен қарсы алады.
Полиция қызметкерлері сондай-ақ, жәрмеңке өткізу орындарында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етеді, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.