Қостанайда темір қалбырда ауа сатыла бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанайда темір қалбырда ауа сатыла бастады

18.09.2014
Қостанайда темір қалбырда ауа сатыла бастады

Қостанай вокзалдарында темір қалбырда ауа сатыла бастады, деп хабарлайды  «Қостанай жаңалықтары» газеті.

Қостанай ауасының бір қалбыры 450-500 теңге тұрады. Қалбырда 35 пайыз жағалаудың және Орталық саябақтың ауасы болса, қалғаны қарағайлы орманнан алынған.

Ауаның жарамдылық мерзімі - 100 жыл.

Сатушыларға ауаны бір жігіттер әкеп береді екен. Ал адамдар кәдесый ретінде алып жатқан көрінеді, деп жазады ҚазАқпарат.

Хабарламаларға жазылу