Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері марапатталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері марапатталды

17.09.2014
Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері марапатталды

Бүгін Астанада әкімдігінде қала әкімі Иманғали Тасмағамбетовтың қатысуымен «Қазақстандық патриотизм контекстіндегі Астана феномені: көпұлтты және көпконфессиялық қоғамның табысы» таяқырыбы аясында Астана қаласының Қазақстан халқы Ассамблеясының ХІV сессиясы өтті.

Сессияның ашылуында Астана әкімі Иманғали Тасмағамбетов ҚР Президенті, Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев 2015 жылды Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы деп жариялағанын атап өтті. Ал, келер жылы Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 20 жыл.

Қала әкімі өз сөзінде, «осы бейбітшілік пен келісімнің арқасында ҚР Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың басшылығымен біз тәуелсіз Қазақстанды құрдық. Бұл еліміздің әрбір патриотының еңбегі», - деді.

Сондай-ақ, сессия барысында ынтымақ пен мәдениаралық байланысты нығайтқандары үшін Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері марапатталды.

Сурет аstana.gov.kz сайтынан

Хабарламаларға жазылу