«Қазақфильм» National Geographic үлгісі бойынша Қазақстанның табиғаты туралы деректі фильмдер сериясын түсіреді. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Асқар Бөрібаев айтты.
«Біз «Қазақфильмге» National Geographic-тің үлгісіне сүйене отырып, Қазақстанның табиғаты туралы деректі фильмдер сериясын түсіруді тапсырдық. Басты мақсат – туған өңір тарихын тану. Өйткені, біздің тарихымыз бен салт-дәстүріміз өте бай. Бізде тау да, өзен де, теңіз де бар. Жуық арада осылардың барлығын теледидардан тамашалау мүмкіндігіне ие боламыз», - деді Асқар Бөрібаев.