Павлодарда жылу беру маусымы 1 қазаннан басталады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодарда жылу беру маусымы 1 қазаннан басталады

17.09.2014
Павлодарда жылу беру маусымы 1 қазаннан басталады

1 қазаннан бастап Павлодарда  жылу беру маусымы басталады. Бұл туралы қалалық әкімдіктің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мекемесінің сектор бөлімінің жетекшісі Алмаз Мусинов мәлімдеді.

Оның сөзінше, қазіргі уақытта облыс орталығында жылу беру маусымына 95 пайыз тұрғын үй дайын.

Әлеуметтік нысандар – балабақша, аурухана, мектептерге олардың басшылығынан тапсырыс түскен кезде  жылу берілетін болады.

Хабарламаларға жазылу