Шымкент мұнай өңдеу зауытының жөндеу жұмыстары 2015 жылы жүргізіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкент мұнай өңдеу зауытының жөндеу жұмыстары 2015 жылы жүргізіледі

17.09.2014
Шымкент мұнай өңдеу зауытының жөндеу жұмыстары 2015 жылы жүргізіледі

Шымкент мұнай өңдеу зауытының жоспарлы жөндеу жұмыстары 2015 жылдың ақпан-сәуір айларына қалдырылды.  

Бұл туралы Энергетика вице-министрі Ұзақбай Қарабалин мәлімдеді.

«Мұнай өңдеу зауыттарын шекті деңгейге дейін жұмыс істету туралы шешім қабылданды. Бүгінде   қазақстандық зауыттардың көрсеткіші  ректордтық  деңгейде.

Қазіргі уақытта жанар-жағармаймен қамтамасыз ету көлемін ұлғайту үшін Шымкент  мұнай өңдеу зауытының жөндеу жұмыстарын келер жылға қалдыру туралы келісімдер жүргізілуде», - деді  вице-министр.

Ұзақбай Қарабалиннің айтуынша, Қазақстанға қажетті отынның үштен екісі елімізде өндіріледі, үштен бірі сырттан тасымалданады.

Хабарламаларға жазылу