Франция сенаторлары Арал теңізін қалпына келтіру жұмысымен танысты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Франция сенаторлары Арал теңізін қалпына келтіру жұмысымен танысты

12.09.2014
Франция сенаторлары Арал теңізін қалпына келтіру жұмысымен танысты

Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев Франция Сенатының депутаттар тобын қабылдады.

Облыс әкімі франциялық сенаторларға аймақтың географиялық және мәдени-тарихының өзгешелігі туралы және облыстың даму болашақтарын таныстырды.

Франциялық сенаторлар Андре Дюлэ, Доминик Жийо және Катрин Прокаччиларды «Сырдария өзені және Арал теңізінің солтүстік бөлігін қалпына келтіру» жобасының жүзеге асуы қызықтырды.

Сондай-ақ, мәртебелі меймандар Арал теңізімен толық танысу үшін Арал ауданына үшкүндік сапарға шықты. 

Хабарламаларға жазылу