Қоғам әйелдердің мәртебесін көтеруге негізделуі керек - Раушан Сәрсембаева - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қоғам әйелдердің мәртебесін көтеруге негізделуі керек - Раушан Сәрсембаева

10.09.2014
Қоғам әйелдердің мәртебесін көтеруге негізделуі керек - Раушан Сәрсембаева

Қоғам әйелдердің, әсіресе, ауылдық жерлердегі келіншектердің әлеуметтік мәртебесін көтеруге және оларды экономикалық ортаға  кіріктіруге негізделуі керек.

Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қазақстанның Іскер әйелдер қауымдастығының президенті Раушан Сәрсембаева жеткізді.

Қауымдастық әйелдер арасында ақпараттық-насихат жұмыстарын жүргізуге арналған жаңа жобаны қолға алмақ.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау министрлігінің қолдауымен іске асырылатын бұл жобаның мақсаты - әйелдерді әлеуметтік-еңбек саласындағы құқықтарын қорғау мәселелері туралы ақпараттандыру.

«Еліміздің үш өңірінде «Жұмыспен қамту картасы» бағдарламасына қатысып, өз істерін ашқан 50 әйел жобаға қатысады», - деп атап көрсетті өз cөзінде Р.Сәрсембаева.

 

ortcom.kz

Хабарламаларға жазылу