«Президент пен перзент» атты кітап жарық көрді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Президент пен перзент» атты кітап жарық көрді

10.09.2014
«Президент пен перзент» атты кітап жарық көрді

ҚР Президентінің баспасөз қызметі мен «Айқын» газетінің қолға алуымен «Президент пен перзент» атты жаңа кітап жарық көрді.

Кітапта Елбасымен әр жылдарда өткен түрлі шарада кездескен балалардың өмірінен алын­ған қызықты оқиғалар мен мектеп оқушыларының Мемлекет бас­шысы туралы шығармалары топтас­тырылған.

Бір кездегі жеткіншектер - бүгінде түрлі сала бойынша биіктерді бағындырып жүрген жастардың Елбасымен болған жүздесулері баяндалған, деп хабарлайды «Егемен Қазақстан» басылымы.

Хабарламаларға жазылу