Ертең Астанадағы «Құланшы» қазіргі заманғы өнер орталығында «Made in Astana» жас суретшілер көрмесі өткізіледі.
Көрмеде 26 суретші үздік туындыларын ұсынбақ.
Жоба 6 жылдан бері іске асырылып келеді. Бұл жолғы шараға келушілер жас суретшілердің 70 астам еңбегін тамашалай алады.
Оның ішінде көркемсурет, графика, фотосурет пен үш өлшемді инсталляция жанрындағы туындылар бар.
Көрмеге Қазақ Ұлттық Өнер университетінің түлектері мен тәуелсіз суретшілер қатысады, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.