Биыл Қарқаралы қаласына - 190 жыл. Қала күнін мерекелеу 4 қыркүйекте басталды. Шараның алғашқы күнінде Мәдениет үйінде қала тарихына арналған деректі фильмнің көрсетілімі өтті.
5 қыркүйекте жиналғандар қаланың тарихи аймақтарын аралап, республикалық ақындар айтысын тамашалады.
Сондай-ақ, қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен концерт өтті. Ал, бүгін қалада киіз үйлер тігіліп, ұлттық спорт түрлерінен жарыстар ұйымдастырылды.
Бірнеше болыстың басын біріктіріп, уезд орталығы болған Қарқаралы - үш жүзге билік айтқан Қаз дауысты Қазыбек би бастаған көсемдер мен сөз бастаған шешендер, ғұлама ғалымдар мен танымал өнер иелері дүниеге келген киелі топырақ.
Бүгінгі таңда Қазақстандағы тарихи және негізгі туристік аймақтардың бірі саналады.