Каратэшілерге арналған семинар өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Каратэшілерге арналған семинар өтті

29.03.2014
Каратэшілерге арналған семинар өтті
 
Каратэден 8-ші дан қара белбеу иегері Юкихиро Назава Астанаға келді. Жылдағы дәстүрге сай жапондық сейсэй қазақстандық каратэшілермен бар білгенімен бөлісіп, арнайы шеберлік сабағын өткізді. Бүгін шығыс жекпе-жек шеберлері жаңа катаны үйренді. Спорттық шараның басты мақсаты –жергілікті спортшылардың шеберлігін шыңдап, олар каратэнің жаңа әдістерін үйренуге мүмкіндік беру және бұл спорт түрін жасөспірімдер арасында белсенді түрде дамыту. Сондай-ақ, Назава ертең жалауын желбірететін Қазақстан чемпионатының ашылу салтанатына қатысады. Жарыста 450 спортшы ойын көрсетеді деп күтілуде.
 
Юкихиро Назава, 8-ші дан қара белбеу иегері:
Қазақстанда каратэ спорты жоғары деңгейде дамып келе жатыр. Таланты қыз жігіттерде аз емес. Солармен тәжірибие бөлісіп отырғаныма қауныштымын. Олардың каратэге деген қызығушылықтары орасан.

Хабарламаларға жазылу