Алматыда жәрмеңке өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда жәрмеңке өтеді

04.09.2014
Алматыда жәрмеңке өтеді

6 қыркүйек күні Алматыда ауыл шаруашылық жәрмеңкесінің күзгі маусымы өтеді. Бұл туралы Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Оған 3 қала мен 16 ауданның аграрлары келеді. Жәрмеңкеде ет-сүт, жеміс-жидек, шұжық өнімдері, ұн, дәнді-дақылдар, май сияқты  45 түрлі тауар саудаға шығарылады.

Жалпы көлемі 218 тонна болатын тауар бағасы нарықтағыдан 15-20 пайызға төмен болмақ.

Хабарламаларға жазылу