ҚР Үкіметінің Қаулысымен Әлихан Мұхамедияұлы Бәйменов мемлекеттік қызмет саласындағы өңірлік хабтың Басқарушы комитетінің төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі.
«Бұл тағайындау ҚР Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы арасындағы келісімге сәйкес келеді және БҰҰ-ның Қазақстандағы үйлестіруші-резидентімен келісілген», делінген хабарламада.