Қазақстан мен Қытай мемлекеттік қызметшілерді оқыту бойынша келісімге қол қойды

24.04.2014
Қазақстан мен Қытай мемлекеттік қызметшілерді оқыту бойынша келісімге қол қойды
Енді еліміздің мемлекеттік қызметкерлері Қытайда кәсіптік білімін жетілдіруге мүмкіндік алады. Бүгін Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Әлихан Бәйменов Қытай Халық Республикасының Адами ресурстар және әлеуметтік қамсыздандыру вице-министрі Ян Шицюмен кездесіп, ынтымақтастық мәселелерін талқылады.
 
Сондай-ақ тараптар өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды. Бұл құжат шеңберінде әріптестік кездесу, білім жетілдіру, тәжірибе алмасу сияқты шараларды жүзеге асыру көзделіп отыр.
 
Әлихан Бәйменов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы:
Біздің мақсатымыз - мемлекеттік қызметке қызметшілерді іріктеу, Қытаймен тәжірибесі ғана емес, ақпарат алмасу.
 
 
Индира БЕГАЙДАР

Хабарламаларға жазылу