Бүгін Алматыда әлеуметтік идеялар банкі - i-Azamat.kz тұғырнамасы құрылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін Алматыда әлеуметтік идеялар банкі - i-Azamat.kz тұғырнамасы құрылды

02.09.2014
Бүгін Алматыда әлеуметтік идеялар банкі - i-Azamat.kz  тұғырнамасы құрылды

Алматы қаласы әкімдігінің бастамасымен құрылған бұл сайтқа кез келген азамат, кәсіпкер өз ұсыныстарын немесе бизнес-жобаларын ұсына отырып, оны бастау үшін 100 мың теңгені жеңіп алу мүмкіндігіне ие болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл тұғырнамаға қатысудың негізгі шарты – жоба немесе бизнес қала тұрғындарының өмірін жақсартуға немесе қаланың игілікті істеріне ғана бағытталуы тиіс. Тұғырнаманың басты мақсаты - қала мен қала тұрғындарының өмірін жақсартуға бағытталған ең жаңашыл және ең тиімді жобаларды жинау және оларға жан-жақты қолдау көрсету. 

Хабарламаларға жазылу