Нысандарда мүмкіндігі шектеулі жандарға жасалған жағдайларды бағалаумен және мониторинг жүргізумен айналысатын арнайы қоғамдық топ қазіргі уақытта елордада 300-ге жуық объектіге тексеріс жүргізді.
Бүгінде Астанадағы бірнеше нысанды, соның ішінде №10 мектеп-гимназиясын, №24 «Айналайын», №34 «Ақ-бидай», сондай-ақ, №7 «Аққу» балабақшаларын аралау көзделген, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.
Қоғамдық топ мүшесі, «ДОС» тәуелсіз өмір» Мүгедектер қоғамдық бірлестігінің төрайымы Дина Ерділдинованың айтуынша, нысанды тексеру тұрақтан басталады, содан кейін тротуарға шығу жолы мен пандустың барлық нормаға сай болуы қаралмақ.