Аргентинада жасалған алғашқы жерсерік сенбі күні Франциялық Гвианаға жеткізілді. Енді ол сол жерден қыркүйек ортасына қарай орбитаға ұшырылады.
Аргентинаның оңтүстігіндегі Рио-Негро провинциясының Сан-Карлос-де-Барилоче қаласында құрастырылып, «Арсат-1» аталған жерсерік телевизиялық және интернет сигнал қабылдауға арналған. Ресми мәліметтерге қарағанда, бұл жобаға 250 миллион доллар жұмсалған.
Аргентиналық мамандар 2015 жылдың маусымында ғарышқа «Арсат-2» жерсерігін жіберуді де жоспарлап отыр. Ал, қазіргі таңда аргентиналық ғалымдар «Арсат-3» жобасын іске асыруда.