«Қазпошта» акционерлік қоғамы MyKazpost деп аталатын мобильді қосымшасын іске қосты.
Енді барлық онлайн-сервис iOS пен Android құрылғыларының иелері үшін бірдей әрі ыңғайлы қосымшада болады.
Оның көмегімен пошталық жөнелтімнің мекенжайын тез әрі оңай анықтап, пошта индексіңізді білуге болады. Ең жақын пошта бөлімшесін картадан тауып, оның жұмыс істеу уақытын біліп, жетудің ең ыңғайлы жолын көруге мүмкіндік бар.
Ұлттық пошта операторының қызметтері туралы үлкен ақпараттық бөлім, жөнелтудің құнын есептеп курьер шақыруға сұраныс жіберетін тарифтік калькулятор да бар.
Сонымен қатар, жуырда тұтынушылардың қызмет деңгейін бағалау, фотосуреттен электронды пошталық карточка жасау мүмкіндігі, сауда-саттықтын жағдайы жөнінде ақпаратты ұсынылатын жаңа мүмкіндіктер де іске қосылады.