«Поэзия әлемінде» – Ақберен Елгезек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Поэзия әлемінде» – Ақберен Елгезек

28.08.2014
«Поэзия әлемінде» – Ақберен Елгезек

Ақберен Елгезек – өмірді ақындық көркем оймен, ерекше өрнекпен өрнектей алатын сұлулық үйлесімі мол ақын.

Өлеңді өзіндік ой толғауымен бере білетін ол: «Өлең жазу қасіретін ақынның, Жүрегі жоқ түсінбейді кей пендем», деп жырлайды.

Сыршыл ақын шебер аудармашы да. Иван Бунин, Дмитрий Мережковский, Варлам Шаламов, Владимир Высоцкий, Гийом Аполлинер шығармаларын ана тілімізге аударған.

Бүгін 18.40-та «Поэзия әлемі» хабары ақынның өмірі мен шығармашылығынан сыр шертеді.

Біздің анықтама:

Ақберен Елгезек - 1980 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ тарих факультетінің түлегі. 2001-2005 жылдары Алматы қаласы әкімшілігінде ішкі саясат саласында әр түрлі қызметтер атқарған. 2005-2008 жылдар аралығында Алматы қаласының «Ақпараттық талдау орталығының» директоры болған.

«Қазақ әдебиетін қолдау» қоғамдық қорының жетекшісі. «Кентавр» ұлттық әдеби апталығының негізін қалаушы. Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі. Мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының иегері. «Серпер» сыйлығының лауреаты, Т.Айбергенов атындағы сыйлықтың иегері.

Ақынның «Көлеңкелер күбірі»  атты өлеңдер жинағы жарық көрген. «Көк бөрінің рухы» атты жыр жинағының авторы.

Хабарламаларға жазылу