Әнші Мақсат Базарбаев «Таңшолпанда» қонақта болды. «Бүгінде күнде бір әнші шығады. Кейіндері мазалап жүрген мәселе де – осы. Қазіргі жастардың беталысы, киім киісі де өзгеріп кетті. Әрине, барлығы бірдей емес. Егер қолымда билік болса, әншілерді сүзгіден бір өткізіп алар едім»,-дейді әнші.
Бір қарағанда, сабырлы, асықпайтын жанға ұқсайтын әнші: «Негізі өмірде де осындаймын. Бұйырса, әйтеуір бір жетерміз деп асықпай жүремін. Сосын жалқаулық бар»,-дейді.
Сұхбаттың толық нұсқасын «Таңшолпаннан» көріңіз.