Кот-Д‘Ивуар билігі сенбі күні «Эбола» вирусынан қауіптеніп, Гвинея және Либериямен шекарасын жапты. Кот-Д‘Ивуардан бір күн бұрын Сенегал да өз шекарасын жапқан, еді.
Дүниежүзілік Денсаулықты қорғау ұйымы шекараны жабу міндетті емес екені туралы бірнеше рет мәлімдеген. Ал, сенбі күні Сьерра-Леонеде «Эбола» вирусын Ұлыбритания азаматы жұқтырғаны белгілі болды.
ДДҰ мамандары бұл эпидемиямен күрес үшін 6-9 ай керек екенін айтады. Олардың мәліметіне сейкес, эпидемиядан Батыс Африкада 1420 адам жапа шегіп, 2600 адам ауруды жұқтырған. Осы уақытқа дейін 624 адам қайтыс болған Либерияда жағдай ауыр.