Нанкин-2014. Қола медаль иегері – Жасұлан Қалиев
Қытайдың Нанкин қаласында өтіп жатқан екінші жасөспірімдер Олимпиадасында қазақстандық ауыратлетші Жасұлан Қалиев 77 келі салмақ дәрежесінде қола медальді жеңіп алды.
Бұл медаль Қазақстан спортшыларының үлесіндегі екінші жүлде. Айта кету керек, дзюдошы Бауыржан Жауынтаев жарыстың алғашқы күнінде 55 келі салмақта алтын медальді ұтып алған болатын.
Жасұлан Қалиев Ақмола облысы, Степногорск қаласындағы облыстық спорттағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернатта тәрбиеленеді.
Ол өзінің бапкері С.П. Шевченокның қарамағында жаттығады. Оның бірінші бапкері Қанат Ермағанбетов.
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыМәслихат депутаттарының ІІІ республикалық форумы. Ардақ Борашпен сұхбат
12.03.2026, 17:14
Мәслихат депутаттарының ІІІ республикалық форумы. Ербол Көкеновпен сұхбат
12.03.2026, 17:09
Мәслихат депутаттарының ІІІ республикалық форумы. Бақытжан Позиловпен сұхбат
12.03.2026, 15:23
Мәслихат депутаттарының ІІІ республикалық форумы. Мұрат Бердалиевпен сұхбат
12.03.2026, 15:20
Мәслихат депутаттарының ІІІ республикалық форумы. Аслан Қайырғалиевпен сұхбат
12.03.2026, 15:18
Мәслихат депутаттарының ІІІ республикалық форумы. Айжан Қарабаевамен сұхбат
12.03.2026, 15:15
Ресейде 16 өңірде су тасқыны күтілуде
12.03.2026, 13:42
Егістіктегі судың әр тамшысы бақылауда болады
12.03.2026, 13:42