Шымкентте жаңа аудан пайда болады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте жаңа аудан пайда болады

21.08.2014
Шымкентте жаңа аудан пайда болады

Шымкентте жаңа аудан ашылады, деп хабарлады облыстық мәслихаттың кезектен тыс XXX сессиясында Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Асқар Мырзахметов.

Депутаттар алдында 2014 жылдың алғашқы жартыжылдығында атқарылған жұмыстар туралы баяндама жасаған өңір басшысы: «Ағымдағы жылдың алты айында облыстағы кәсіпорындарда 276 миллиард теңгенің өнімі өндірілген. Жаңа кәсіпорындардың ашылуы және өндірістің кеңеюі есебінен 5661 жұмыс орны ашылған. Бүгінгі таңда құны 5,4 миллиард теңгені құрайтын 5 жоба іске қосылды», - деді.

Сонымен қатар, жиын барысында облыс әкімі Асқар Мырзахметов Шымкент қаласын үшінші қалаға айналдыру мақсатында арнайы іс-шаралар жоспары қабылданғанын және Мемлекет басшысының қолдауымен Шымкентте төртінші ауданның ашылатынын жеткізді, деп хабарлайды ОҚО әкімі аппаратының баспасөз қызметі.

Хабарламаларға жазылу