Су добы бойынша FINA сайысы өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Су добы бойынша FINA сайысы өтеді

19.08.2014
Су добы бойынша FINA сайысы өтеді

19-24 тамыз аралығында Алматыда ерлер арасындағы су добы бойынша FINA-2014  Әлем Кубогы өтпек. Сайысқа Қазақстан, БАӘ, АҚШ, Австралия, Сербия, Черногория, Хорватия және Венгрия елдерінен келген 8 құрама қатысады.

Бұл сайыс 1979 жылдан бері Халықаралық жүзу федерациясының (FINA) қолдауымен өткізіліп келеді.  1999 жылға дейін сайыс әр екі жыл сайын өткізіліп тұрды, ал 2002 жылдан бастап турнир 4 жылда бір  рет өтетін болды.

Румынияның Орадя қаласында өткен соңғы Әлем Кубогында Сербия спортшылары үздік шыққан болатын. Екінші орынды Хорватия, ал, үшінші орынды Испания құрамасы алды.

Хабарламаларға жазылу