«Эбола» вирусы тараған елдердің спортшыларына Нанкиндегі жасөспірімдер арасындағы Олимпиада ойындарындағы жүзу мен жекпе-жек жарыстарына қатысуға тыйым салынды. Мұндай шешімді Халықаралық Олимпиада комитеті мен жергілікті ұйымдастырушылар қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарт
Нақтырақ айтқанда, бұл шектеу үш спортшыға қатысты. Өйткені бұған дейін Сьерра-Леоне мен Нигерия мемлекеттерінің спортшылары сайысқа қатысудан бас тартқан болатын.
Халықаралық Олимпиада комитетінің хабарлауынша, сайыс кезінде спортшылардың барлығына тексеру күшейтіледі.
Жасөспірімдер арасындағы жазғы Олимпиада ойындары 16-шы тамыз күні басталады.