14-16 тамызда Қазақстанның кей аймағында күн салқындайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

14-16 тамызда Қазақстанның кей аймағында күн салқындайды

14.08.2014
14-16 тамызда Қазақстанның кей аймағында күн салқындайды

Қазақстанның барлық аумағында суық атмосфералық фронттары бар циклон ауа-райы сақталады.

Республиканың көптеген облыстарында жаңбыр, бұршақ жауып, найзағай ойнап, кей жерлерде, желдің 15-23 м/с дейін күшеюі күтіледі.

Солтүстік және орталық облыстарда күндізгі температура 17 градустан 27 градусқа дейін төмен болады. Оңтүстікте, оңтүстік-шығыста және шығыста ыстық ауа райынан 30-38 градустан  25-30 градусқа дейін төмендеуі болжанады.

Батыс облыстарында температураның 33-38 градусқа дейін, кей жерлерде 43 градусқа дейін көтерілуі мүмкін.

Хабарламаларға жазылу