Иранда президент сайлауы өтіп жатыр
Иранда бүгін Президент сайлауы басталды. Ең жоғарғы лауазымға 4 кандидат бақ сынап жатыр. Жергілікті уақытпен таңғы 8-де ашылған сайлау учаскелері кешкі 18:00-ға дейін жұмыс істейді. Елде 83,5 млн азамат дауыс беру құқығына ие. Сайлау нәтижесі маусымның 30-да белгілі болады. Кандидаттар сайлаушылардың 50 пайыздан астам дауысын жинай алмаса, алға шыққан екі үміткер екінші турға өтеді. Иранның болашақ президенті алдында елді экономикалық дағдарыстан шығару, жұмыссыздық, әйелдердің құқығын кеңейту және аймақтық шиеленістерді шешу міндеті тұр.
Айта кетейік, Президент сайлауы кезінде қауіпсіздікті 229 мыңнан астам тәртіп сақшысы қадағаламақ.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Олимпиада: Қазақстандық атлеттер спорттың 5 түрінен бақ сынайды
17.02.2026, 20:54
Софья Самоделкина мұз айдынына шығады
17.02.2026, 20:53
Кіші Арал: «Көкарал» бөгеті 2 метрге көтеріледі
17.02.2026, 20:50
Алтын өндірісі цифрландырылып, өнім көлемі ұлғайды
17.02.2026, 20:48
АҚШ-Иран келіссөзі аяқталды
17.02.2026, 20:47
Жаңа Конституция – ел дамуының жаңа кезеңі
17.02.2026, 20:44
Жаңа Конституция жобасына еуропалық сарапшылар үн қосты
17.02.2026, 20:42
Жаңа Конституция жобасы ғылыми ортада сараланды
17.02.2026, 20:40