Қытайда ерлі-зайыпты АҚШ азаматтары тыңшылық үшін қамауға алынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қытайда ерлі-зайыпты АҚШ азаматтары тыңшылық үшін қамауға алынды

10.08.2014
Қытайда  ерлі-зайыпты АҚШ азаматтары тыңшылық үшін қамауға алынды

Қытай соты британиялық  Питер Хамфри мен оның әйелі Юй Ин Цзэнді тыңшылық жасағандары үшін айыптап отыр.

АҚШ азаматтығын алған ерлі-зайыптылар «GlaxoSmithKline» фармацевтикалық компаниясындағы қызметтері кезінде жеке тұлғаларға заңсыз тыңшылық жүргізген.  

Питер Хамфри 2,5 жылға, Юй Ин Цзэн 2 жылға қамауға алынды.

Тергеу нәтижелері көрсеткендей, Хамфри мен Юй британиялық корпорацияның қытайлық филиалындағы қызметкерлердің қайсысы дәрігерлер мен шенеуніктердің пара алғаны жөніндегі ақпаратты таратқанын анықтамақ болған.

«GlaxoSmithKline» компаниясының бұрынғы филиал менеджері Марк Рейли өткен жылы корпорациядағы сауда көлемін жемқорлықпен ұлғайтқаны үшін  айыпталған болатын.

Содан бастап, «GlaxoSmithKline» компаниясына тергеу жүргізілуде, деп хабарлайды BBC.  

Хабарламаларға жазылу