Геннадий Головкин «Үздік боксшы – 2013» атағын ресми түрде алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Геннадий Головкин «Үздік боксшы – 2013» атағын ресми түрде алды

07.08.2014
Геннадий Головкин «Үздік боксшы – 2013» атағын ресми түрде алды

Кәсіпқой бокстан WBA (Super) және IBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы Әлем чемпионы Геннадий Головкин жыл басында WorldBoxingNews.net сайтының дауыс беру нәтижесі бойынша «Үздік боксшы – 2013» атағын жеңіп алған болатын. Сол сыйлығына боксшымыз кеше қол жеткізді.

Дауыс беру нәтижесі бойынша Геннадий Головкин 74 пайыз дауыс жинаған, ал, Геннадидің жақын қарсыласы қанадалық Адонис Стивенсон небәрі 12 пайыз дауыс жинаған.

Естеріңізге сала кетейік, Геннадий Головкин соңғы жекпе-жегін 27-ші шілде күні австралиялық Дэниэл Гилге қарсы өткізіп, үшінші раундта нокаутпен жеңген болатын.

 

Хабарламаларға жазылу