2014-2016 жылдарға арналған жекешелендіру ашық және жариялы түрде жүргізілмек. Комиссия құрамында Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, ұйымдардың өкілдері, өзге де тұлғалар бар.
Сондай-ақ, 2014-2016 жылдарға арналған жекешелендірудің кешенді жоспарын жүзеге асыру бойынша І кезеңнің 2014 жылдың соңына дейінгі ақпараттық насихаттық жұмыстың жоспары түзіліп, соған сәйкес басылым беттеріне түрлі материал, жарияланып, теле-радио эфирінен хабарлар берілетін болады.
Сонымен қатар, жекешелендіру нысандары саудалау үшін электронды алаң іске қосылуда. Электронды сауда барлық процестің ашық және жариялы түрде өтуін қамтамасыз етеді.
Ал, жоғары баға мен ең тиімді шарт ұсынған сатып алушы жеңімпаз болып танылады.