Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды

05.03.2017
Ел Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын Парламенттің бірлескен отырысына Мемлекет басшысының өзі алып келген болатын. Президент Жалпыхалықтық талқылаудан өткен болашаққа бағдар болар маңызды құжатқа қатысты заң шығарушы органға қарата: «Енді Парламент заң жобасын қараудың күн тәртібін мұқият сақтай отырып, ашық және жариялы түрде құжатты қарауы керек.

Мәселеге елдік мүдде тұрғысынан қарап, заңды ұзаққа созбай, қабылдайсыздар деп мен кәміл сенемін» деген еді. Сол күні түс ауа заңжобаны қызу талқылаған қос палата депутаттары құжаттың бірінші оқылымын бірауыздан мақұлдады.


Ержан ҚАЛЫМБАЙҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу