Mozilla компаниясы мыңдаған бағдарлама құрастырушының пошта мекенжайларын сақтай алмады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Mozilla компаниясы мыңдаған бағдарлама құрастырушының пошта мекенжайларын сақтай алмады

06.08.2014
Mozilla компаниясы мыңдаған бағдарлама құрастырушының пошта мекенжайларын сақтай алмады

Танымал Firefox браузер шығарылымымен айналысатын Mozilla компаниясы Mozilla Developer Network (MDN) желісінде тіркелген бағдарлама құрастырушыларының дербес деректері қолжетімді болғаны кездейсоқтық екенін мәлімдеді. Жалпы 76 мың электронды пошта және 4 мың құпиясөз бұзылған.                    

Mozilla компаниясының өкілдері Сторми Питерс пен Джо Стивенсеннің айтуынша, ақпараттың таралуы 10 күн бұрын болған. «Бұл жағдайдың себебі - MDN серверіндегі  дерекқорының істен шығуы. Қауіпті  тасымалдаушылар болған жоқ. Алайда, бұзу мүмкіндігін жоққа шығаруға болмайды», - деді.

Компания қолайсыздық үшін кешірім сұрады. Құпиясөз шифр түрінде сақталғанын жеткізді. Қазіргі уақытта құпия сөздері жарамсыз. Бұл жағдайға тап болған пайдаланушылардың тіркелу мәліметтерін ауыстыру керек екенін жеткізді.

Хабарламаларға жазылу