Павлодардағы блок бекеттерге арнайы рейд жүргізілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодардағы блок бекеттерге арнайы рейд жүргізілді

20.04.2020

Павлодарға кіреберіс блок бекеттерде көліктер шала-шарпы тексеріледі. Яғни электронды мәліметтер базасында тіркелмеген адамдар да өтіп кетуі мүмкін. Себебі полиция планшет қолданбайды. Арнайы рейд өткізген мамандар басқа да бірқатар деректерді анықтады. Ал облыс орталығының іргесіндегі шағын қала Ақсуда карантин тәртібін елеп жатқандар аз.

Сондай-ақ осы бекеттен шыққан көліктер еш тексерусіз Ақсу қаласына кіре алады. Шағын шаһарда блок бекет жоқ. Ол былай тұрсын, карантин нышаны байқалмайды. Саябақтарда адамдар емен-еркін серуендеп жүр. Ал пошта, банк маңында ұзын-сонар кезек.

Тәртіпті бұзған кәсіпкерлік нысандар да жеткілікті. Мәселен, 4 дәмхана мен 9 дүкеннің ісі сотқа жіберілген. Карантин тәртібін сақтай алмай отырған қала әкімшілігіне қатысты шара қолдану үшін тиісті мәліметтер орталық штабқа жөнелтіледі.

Жалпы Павлодар облысында эпидемиологиялық ахуал оңалар емес. Бүгін тағы 4 адамның індет құрығына іліккені анықталды.

Болат АМАНБАЕВ


Хабарламаларға жазылу