Маңғыстау облысы: Жоғары білімі үшін мұғалімдерге берілген дипломдардың 90 пайызы - жалған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Маңғыстау облысы: Жоғары білімі үшін мұғалімдерге берілген дипломдардың 90 пайызы - жалған

05.08.2014
Маңғыстау облысы: Жоғары білімі үшін  мұғалімдерге берілген дипломдардың 90 пайызы - жалған

Маңғыстау облысында жоғары оқу орнын бітіргені үшін 1990 және 2000 жылдары берілген дипломдардың 90 пайызы жалған болып шықты. Бұл туралы ҚазТАГ хабарлайды.

Маңғыстау облыстық Сот сараптамалық институты қызметкерлері жоғары білімі үшін 1990 және 2000 жылдары берілген 200 дипломға зерттеу жүргізген, олардың 90 пайызға жуығы жалған болып шықты», - дейді Құжаттарды техникалық зерттеудің бас сарапшысы Рая Ескендірова.

Жалған дипломдар физика, география, химия, информатика пәні мұғалімдеріне тиесілі екені анықталды. Бұл мұғалімдер жоғары оқу орнын бітірмеген. Құжатты қолдан жасатқан.

Құжаттың жалған немесе дұрыс екенін микроскоп және ультракүлгін жарық арқылы анықтайды. Дипломды дайындау үшін арнайы үш белгісіне мән беріледі: мөрге, қағаз түріне, сақтық құралдарының қолданылуына.

Айта кетейік, облыстық Сот сараптамалық институтына тек дипломдар ғана емес, сондай-ақ жеке куәлік пен төлқұжаттар да жіберіледі.

Хабарламаларға жазылу